фото: https://www.pexels.com/
Жапондар алғаш рет 6G байланысын сынақтан өткізді.
Оның көмегімен интернет жылдамдығы секундына 100 гигабитке дейін жеткен. Бұл 5G-мен салыстырғанда 10 есе тез. Ол секундына жақсы сападағы 9 фильм жүктеуге жетеді, деп хабарлады 24.kz.
Мамандар әзірге оны қолданысқа енгізуге ерте дейді. Бұл тек 2028-2030 жылдары ғана мүмкін екенін айтады.
Сөйтіп, келешекте 6G байланысының көмегімен жүргізушісіз жүретін көліктерді тиімді басқарып, телемедицина мен виртуалды технологиялардың мүмкіндіктерін кеңейтуге болады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через