фото: https://pixabay.com/ru/
Орал қаласында ұлттық бірыңғай тестілеудің жауаптарын ұрлаған екі адам сотталды, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз араласқаны үшін айыпталды. Тергеу материалдарына сәйкес, екеуі 2021-2022 жылдары ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратын заңсыз көшіріп алған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынған материалдардың негізінде Қылмыстық кодекстің 206-бабы (Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру), 250-бабы (өкiлеттiктердi терiс пайдалану) және 198-баптары (авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) бойынша іс қозғалды. Екеуі 2 жыл 6 айға бас бостандығыннан айырылды. Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға айрылды.
Үкім заңды күшіне енді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через