Солтүстік Қазақстаннан әскерге аттанған екі сарбаз қашып кетті

Солтүстік Қазақстаннан әскерге аттанған екі сарбаз қашып кетті
фото: https://pixabay.com/ru/

Қарағанды облысына әскер қатарынан жаңа қабылданған сарбаздар қашып кетті, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері департаменті.

"27 сәуірде сағат 19.39-да Қарағанды облысының 85510 әскери бөліміне қызмет өткеруге жаңадан шақырылған мерзімді әскери қызметшілер Петропавл қаласының станциясында "Самара-Қарағанды" қатынасымен пойыз вагонынан өз еркімен кетіп, белгісіз бағытта қашып кетті", - деп жазды ведомство.

Оларға іздеу жарияланды.

"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып,іс тіркелді. Құсайынов Бақтияр Бауыржанұлы 21.09.2003 жылы туған және Коваленко Владислав Александрович 18.09.2004 жылы туған іздестіріледі", - дейді департаменттегілер.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексі 441-бап, 2-тармақ "Адамдар тобы немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған қызмет бөлігін немесе орнын өз бетінше тастап кету, егер өз бетінше болмауы бір тәуліктен астам уақытқа созылса, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады".

442-бап, 2-тармақ "Қашу, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында қызмет бөлімін немесе орнын өз еркімен тастап кету, сол сияқты қызметке сол мақсатпен келмеу" бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, дейді қорғаныс істер департаменті.

ҚазАқпарат