фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@olly/
Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы қазақстандықтарға ескерту жасады.
ІІМ мәліметінше қылмыскерлер танымал WhatsApp мессенджері арқылы бейнеқоңырау шалады. Алаяқтарға біреудің атына несие рәсімдеуге деректерді алу үшін бірнеше секунд сөйлессе жеткілікті екен.
"Алаяқтар адамның бет-бейнесін түсіру үшін бейнеқоңырау арқылы хабарласады. Алаяқтар бейнеқоңырау шалып, адамның бет-әлпетін көшіріп, мобильді банкингте тексеруден өткен жағдайлар болды. Бейтаныс, әсіресе шетелдік нөмірлерден келіп түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз. Ал егер жауап берген болсаңыз, бұл туралы 102 нөмірі бойынша полиция қызметкерлеріне дереу хабарлаңыз", – деп ескертеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через