фото: https://pixabay.com/ru/
Ресейдің Ейск қаласында, Поддубный демалыс саябағындағы “Лавица” аттракцион істен шығып, үш бала жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қозғалыс кезінде балаларды ұстап тұрған құрылымның қорғаныс тұтқалары істен шыққан. Сол кезде аттракционда отырған екі қыз және бір ұл құлап, зардап шекті.
Балалар аса ауыр жарақат алмаған. Алдын ала болжам бойынша, ұл баланың қабырғасы сынып, ал қыздардың денесі көгеріп, сырылып қалды.
Төтенше жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через