фото: movie.douban.com
Қытай қазақтарының көшпенді өмірі туралы «Дәуір ағысында (Fade Away Pastoral)» атты фильм Берлинде көрсетілді.
Сhinanews.com.cn сайтының хабарлауынша, фильм «Little Monster Entertainment» медиа компаниясының қолдауымен, Еуропадағы арнайы көрсетілімін бастаған, деп хабарлады kaz.inform.kz.
Көрсетілімнен кейін, көптеген Еуропалық көрермен Шыңжаң туралы фильмді алғаш рет көріп, көшпенді қазақтар өмірімен алғаш рет танысып отырғанын айтты.
«Дәуір ағысында» фильмі 2018 жылы қытайда алғаш көрсетіліп, 2019 жылы 12 сәуірде прокатқа шыққан. «Үздік кинематография», «Үздік туынды», «Үздік ер актер» және «Үздік ауыл тақырыбындағы фильм» номинацияларын жеңіп алған.
Фото: movie.douban.com
Фильм ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қытай қазақтарының көшпенді өмірін тақырып етіп, олардың соңғы 40 жылдағы өміріндегі өзгерістерді шынайы деректерді және жартылай сюжеттік әдісті пайдалана отырып суреттейді. Сондай-ақ, жылдың төрт мезгілінің ауысуы прозалық баяндау мен поэтикалық кино тілі арқылы, малшылардың қуанышы мен мұңын айшықтап, көрерменге тәбиғаттың әсем көрінісін ұсынады.
Фото: movie.douban.com
Сондай-ақ, фильмнің басты және қосымша рөлдерін дерлік қазақ актерлер сомдаған. Ал 4 жылға созылған түсірілімге 10 мыңға жуық қарапайым қазақ тұрғындар қатысып, 300 мыңға жуық мал пайдаланылды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через