фото: https://pixabay.com/ru/
Құлпынай құрамындағы пайдалы заттар бір-бірінің әсерін күшейтеді. Бұл жидекті үнемі тұтынатын адамдардың Альцгеймер ауруына шалдығу қаупі аз және әдетте мерзімінен бұрын қартаймайды. Ғалымдар құлпынайды пайдалылығы жағынан ең жақсы 20 жидек пен жемістердің тізіміне кіргізген.
С дәрумені + кремний, мыс, калий, кобальт = жастық
Құлпынайда маңызды микроэлементтер, дәрумендер мен минералдар бар, олар бізге жас әрі әдемі болуға көмектеседі. Мысалы, С дәрумені, тек 100 грамм (бұл шамамен 6-8 құлпынай) жеп, сіз аскорбиннің тәуліктік дозасының жартысынан көбін ала аласыз. С дәрумені - ағзада бірқатар маңызды функцияны орындайтын антиоксидант, сонымен қатар ол тері мен буынды жас ұстау үшін маңызды коллаген синтезіне қатысады.
Кремний. 100 г құлпынайда кремнийдің үш тәуліктік нормасы бар. Ол буындардың, байламдардың дәнекер тінін нығайтуға, терінің серпімділігін сақтауға, шаш пен тырнақтың күйін жақсартуға көмектеседі, сондай-ақ эластин мен коллаген синтезі үшін кальций, фосфор, күкірт, магний секілді макро және микроэлементтердің сіңуін ынталандырады.
Неғұрлым піскен болса, соғұрлым пайдалы
Құлпынайда С дәруменінен басқа полифенолдар сияқты басқа антиоксиданттар бар, мысалы - антоцианиндер. Антоцианиндер кез келген жеміске түс береді. Сондықтан жидектердің түсі неғұрлым ашық болса, оларда антоцианиндер соғұрлым көп болады.
Құлпынайда иммундық жүйенің жұмысы, дұрыс зат алмасу үшін маңызды органикалық қышқылдың көп мөлшері бар. Құлпынай ағзаны эллаг қышқылымен қамтамасыз етеді. Бұл өте күшті табиғи антиоксидант. Сондай-ақ, жидекте эллаготаниндер бар, олар ағзаға еніп, эллаг қышқылына айналады. Бұл қосылыс тамаша пребиотик, яғни біздің микробиота үшін "қорек". Денсаулық пен сұлулық көбіне оған байланысты. Мысалы, ішек микробиотасы улы заттарды залалсыздандыруға, патогендік микроорганизмдердің өсуін тежеуге көмектеседі, ас қорытуға көмектеседі, май алмасуына қатысады және В1 дәруменін өндіру арқылы ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді. Ал энергияның жетіспеушілігі ерте қартаюға әкеп соқтыратыны белгілі.
Күніне қанша құлпынай жеуге болады?
Дені сау адам күніне 300 граммға дейін құлпынай жеуге болады. Ал қант диабетімен ауыратындар күніне 70 граммнан астам құлпынай тұтынбағаны дұрыс.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через