фото: https://diapazon.kz
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша екенін айтты.
Темірбековтің сөзінше, бүгінгі таңда бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге – 2,6 пайыз. Бюджет тапшылығы ішкі көздер есебінен қаржыландырылды.
2024-2028 жылдарға арналған болжамдар мемлекеттік борыш көрсетілген жылдары лимиттен аспайтынын және жалпы ішкі өнімге – 25 пайыз, ал үкіметтік борыш жалпы ішкі өнімге 21 пайыз деңгейінде болатынын көрсетіп отыр.
2024 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша мемлекеттік борыш 27,2 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 22,8 пайызды құрады. Оның ішінде Үкіметтің борышы жалпы ішкі өнімге 20,9 пайыз немесе 24,9 трлн теңге болды. Мемлекеттік борыштың жоғарғы шегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үшін жалпы ішкі өнімге 50 пайыздан аспайтын деңгейде белгіленген. Қазір мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында белгіленген борыштық индикаторлар рұқсат етілген мәндер аймағында тұр, - деді Дәурен Темірбеков мәжілісі тыңдауында.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через