фото: Оқу-ағарту министрлігі
Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды. Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты. Білім додасында оқушыларымыз жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 3 қола бар.
Жан Даутов — Қостанай қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;
Мирон Юркевич — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;
Марғұлан Шарел — Тараз қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
Тимур Мұрат — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;
Әмір Сахипов – Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.
Жетекшілері – PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысу арқылы осы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалып, тәжірибе жинайтын болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через