Қазақстандық ғалымдар аязға төзімді күздік бидай сортын шығарды

Қазақстандық ғалымдар аязға төзімді күздік бидай сортын шығарды
фото: © Photo : Қазақстан  Президентінің  әкімшілік  сайты

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының ғалымдары күздік бидайдың жаңа сортын гибридті популяциядан жеке сұрыптау нәтижесінде шығарды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.

"Шөл" деп аталатын жаңа сорт Гостианум (Hostianum) гибридті түріне жатады.

"Шөлдің" таңғажайып сипаттамаларына келсек, ұзындығы 8-12 см цилиндрлі масақтары бар, құрылымы тығыз, 10 см-ге жететін 14-18 тікенекті түктері болады. Дәні шыны тәрізді, жартылай ұзын, ірі, қызыл түсті, түбі тегіс, ортаңғы ойығы бар.

Сорттың шаруашылық құндылығы оның жоғары өнімділігінен байқалады. 1000 дәннің салмағы 40,8-49,0 г, көлемі 757-820 г/л, негізгі масақтағы дән саны 45,5-60,5 түйірге жетежі. Ең бастысы "Шөл" сорты қысқы суық пен жазғы ыстыққа және құрғақшылық пен ауруға да төзімді.

Жаңа сорт суармалары жерлер мен тыңайтқыштарды пайдалану жағдайында өсіру үшін ұсынылады. Піскен кезде дәні шашылмайды және оңай бастырылады. "Шөл" өнімділігі 25,5-40,5 ц/га-ны құрайды.

Бұл сорт сынақтан сәтті өтті және жерсіндіру жұмысында да жақсы нәтиже берді. Ғалымдар тың өнімге патент алып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен табысты пайдаланылуда. Ғалымдар мен селекционерлер жаңа "Шөл" сорты мол өнім әкеліп, ауыл шаруашылығы саласында өнімділік көрсеткіштерін арттырады деп сенеді.

ҚазАқпарат