Қазақстанда ер адамдар ең көп қай салада жұмыс істейді

Қазақстанда ер адамдар ең көп қай салада жұмыс істейді
фото: https://pixabay.com/ru/

Отан қорғаушылар күніне орай Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы республикадағы ерлер қай салада жұмыс істейтіні туралы мәліметті жариялады.

"Ер адамдардың ең көп саны өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істейді, олардың саны 777,5 мың адамға жетеді", - делінген хабарламада.

Одан кейінгі орында 653,2 мың адам жұмыс істейтін көтерме және бөлшек сауда саласы тұр.

637,1 мың ер адам жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы саласы үшінші орында, деп хабарлады статистика мамандары.

Құрылыс саласында 520 мың ер адам, ал көлік пен қоймада 513,1 мың ер адам жұмыс істейді.

Мемлекеттік басқару және қорғаныс істері саласы 335,1 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.

Қазақстанда тағы қай салада ер адамдар жұмыс істейді:

білім беру – 310,9 мың адам;

денсаулық сақтау – 160,8 мың адам;

әкімшілік және қосалқы қызметтер – 159 мың адам;

кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 126,4 мың адам;

ақпарат және байланыс – 109,2 мың адам;

қаржы және сақтандыру – 84 мың адам;

баспана және тамақтану – 72,3 мың адам;

жылжымайтын мүлік – 68,7 мың адам;

өнер және ойын-сауық – 59,4 мың адам;

басқа қызметтер көрсету – 124,3 мың адам.

Жұмыспен қамтылған ер адамдардың негізгі үлесін (1,2 млн) 35-44 жас аралығындағылар құрайды, 51,7 мың ер адам қосымша жұмыс істейді.

Оның ішінде 2 831,4 мың адам қалада, 1 880,3 мың ер адам ауылда тұрады.

ҚазАқпарат