Қазақстанда әр анада орта есеппен үш баладан бар

Қазақстанда әр анада орта есеппен үш баладан бар
фото: https://pixabay.com/ru/

Өткен жылы 388 мың сәби дүниеге келді. Бұл жайында ұлттық статбюроның таратқан мәліметінен белгілі болды. 

Оның ішінде: 

51,6% — ұлдар
48,4% — қыздар

Туу коэффициенті: 1000 адамға — 19,52.

2022 жылы ол 1000 адамға шаққанда 20,57 болған.

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға — 26,74 адам), Түркістан облысында (1000 тұрғынға — 26,18 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға — 25,70 адам) байқалды.

Туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) — репродуктивті кезең ішінде (15-49 жас) орта есеппен бір әйелден туған балалардың саны — 2,96. 

Өңірлік бөліністе ТЖК ең жоғары деңгейі Түркістан (4,39), Маңғыстау (3,99) облыстарында, ал ең төменгі деңгей — Солтүстік Қазақстан облысында (1,82) тіркелді.

Қалалық жерде — 2,63 (2022 жылы — 2,76), ауылдық жерде — 3,59 (2022 жылы — 3,59).