фото: https://www.gov.kz
Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан мен Жапония гидротехникалық құрылыстарды нығайту бойынша бірлескен жұмыс жүргізетінін мәлімдеді. Ынтымақтастықты осы жылдың маусым айында бастау жоспарланған.
Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің өкілі Каната Томохиромен кездесу өтті.
Ведомство Жапонияның жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігімен бірлесіп жұмыс істей алатынын жеткізді. Тағы бір нұсқа – жапониялық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) бірлесу. JICA агенттігі осы жылдың маусым айында техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірген.
"Қазақстан тарапынан сұранысқа жедел жауап берген жапониялық әріптестерімізге алғыс айтамын. Біз жұмысты бастау үшін барлық қажет деректі беруге дайынбыз. Қазір біздің сарапшылар нысандарға алғашқы тексерулер жүргізіп жатыр. Заманауи жапониялық технологиялар қажет жұмыс көлемін дәл анықтауға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрлігінің бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.
Жапониялық мамандар қысқа мерзімде нығайтылуға тиіс басым құрылымдардың тізімін сұрады. Деректер JICA өкілдеріне берілмек.
Маусым айында Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джунаның Ақтөбеге сапары жоспарланған. Ол су тасқынынан зардап шеккен аумақтарды тексереді. Кездесудің тағы бір тақырыбы – тәжірибе алмасу және қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через