фото: pexels.com
30 мамырдан бастап China Southern Airlines әуекомпаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстердің жиілігін аптасына екі-үш рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Рейстерді 128-178 жолаушыға арналған Boeing 737 ұшақтары орындайды. Екі ел арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін артады, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Ұшу санының артуы Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм, мәдени, инвестициялық және іскерлік байланыстарды дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестікті арттыруға және әуе билеттерінің құнын төмендетуге ықпал етеді.
Дереккөз kaz.tengritravel.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через