Қазақстан кәсіпкерлері Қытай нарығына кіруге ниетті

Қазақстан кәсіпкерлері Қытай нарығына кіруге ниетті
фото: https://24.kz/kz/

       Қазақстандық кәсіпкерлер Қытай нарығына кіруге ниетті. 

       Сол үшін отандық бизнес-делегация Шығыстағы көршілерге арнайы барып, ірі компания өкілдерімен кездесті. Әлеует пен мүмкіндік «Қазақстан - Цзянсу» іскерлік форумында талқыланды. Аталмыш провинция 552 млн доллардың тауарын импорттайды. Негізінен ферроқорытпа, мыс өнімдер және дәнді дақылдар сатып алады. Қазақстандық компаниялар бұл өнімнің бәрін жеткізуге дайын. Бизнес кездесу қорытындысы бойынша экспорттық келісімшарттарға қол қою күтілуде. Айта кетейік, наурызда Сычуань провинциясында да осындай жиын өткен еді. Нәтижесінде тараптар 239 млн доллардың тауарын жеткізу туралы келісімге келді.

       https://24.kz/kz/