фото: https://nerehta.kostroma.gov.ru
Полиция қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасады.
Аляқтар хабарласып өздерін медицина мамандары ретінде таныстырады. Тек хабарласып қоймай, "Whatsapp"-қа хабарлама жазатындары да бар.
Сізге диспансерлеу немесе флюорографиядан өтуді ұсынады. Ыңғайлы күнді таңдап, тіркелу үшін SMS-арқылы келген сандарды айтуды сұрайды.
"Ешқашан танымайтын, бөтен адамдарға кодты айтпаңыз! Алаяқтар қашықтан сіздің жеке кабинетіңізге кіріп, дербес деректерді ашу арқылы несие рәсімдей алады", - делінген полиция таратқан хабарламада.
Бұлар бұрын көбіне банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері болып хабарласқан алаяқтар.
Осы хабарды жақындарыңызға, әсіресе, егде жастағы адамдарға айтып, ескерту жасаған дұрыс.
Bugin.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через