Небары 2 мың теңге қарызы бар қазақстандықтар банкроттыққа өтініш берген

Небары 2 мың теңге қарызы бар қазақстандықтар банкроттыққа өтініш берген
фото: https://www.istockphoto.com/

     Барлығы 97 мыңнан астам өтініш қабылданған.

     Қазақстанда 12 мыңға жуық адам банкрот атанып, 25 миллиард теңгеден астам берешек есептен шығарылды.

     Бұл туралы қаржы министрлігі журналистерге арнап ұйымдастырған кездесуде айтылды.

     Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, былтыр наурыздан бері банкроттыққа 97 мыңнан астам өтініш түскен.

«25  миллиард теңгеден астам сомаға 11 895 адам банкрот деп танылды», - деді ол.

80 мыңнан астам өтініш қанағаттандырылмаған.

     Вице-министрдің айтуынша, банкрот атануға 2 мың, 5-10 мың теңге ғана қарызы бар азаматтар да өтініш берген.

«Қателеспесем, банкроттыққа өтініш берген жеке тұлғада ең төмен сома 2 мың теңге болған. Сонымен қатар бірнеше миллиард теңге қарызы барлар да өтініш берді. Кейбіреулері кейде басқа соманы көрсетеді, жүйе бойынша қарасақ, бірнеше кредиті бар екені анықталады. Біз берешек бес млн теңгеден асқан жағдайда бас тартуға мәжбүр боламыз. Коттедж, көліктері барлар да банкроттыққа өтініш беріп жатады. Банкроттықтың салдары, шектеулер барын білмейді», дейді Біржанов.

     Оның айтуынша, жаңа заңнамалық  нормалар қабылданған. Осыған байланысты өтініші қанағаттандырылмаған азаматтар банкроттыққа қайта өтініш беріп, банкрот статусын ала алады.

     https://azattyq-ruhy.kz/