Нан жемеу қаншалықты дұрыс

Нан жемеу қаншалықты дұрыс
фото: https://www.pexels.com/ru

     Қазіргі таңда диетологтардың көбі нанды жемеуге кеңес береді. Бұл қаншалықты дұрыс?

     Нан ұзақ сақталуымен, тойымды болуымен және бойға күш-қуат беруімен өзге тамақтардан ерекшеленеді. 

Нанның құндылығы қандай?

     Нанның бойында адамға қуат беретін көмірсулар бар. 
     В, Е тобындағы дәрумендер, темір бар. Диетологтар мен спортшылар нанды міндетті түрде жеуге кеңес береді. Ұнның сортына байланысты тағамдық құндылығы жоғары. 
     Нан жеген соң ағза тойымдылық сезінеді. Бір тілім нанның өзі адамға күш береді. 
Ұннан әртүрлі тамақ жасауға болады. 

Наннан түбегейлі бас тартса не болады?


     Біз бұл сұраққа диетолог маман Қымбат Жанғазықызы жауап береді 

     "Нанды глютенге төзбейтін, бидайға аллергиясы бар және қант диабетіне шалдыққан жандарға жеуге болмайды. Ал қара бидай нанын гастрит, асқазан жарасы, бауыр және өт қабының аурулары бар жандарға жеуге рұқсат етілмейді. Нанның кейбір түрлеріне өнім өндірушілер қоспа қосады, дәм арттырғыш пен иіс бергіш заттар қосады, бұл нанның пайдасын азайтады. Сондықтан, нан сатып алғанда сыртындағы қағазынан құрамын да оқып алғаныңыз абзал. Өйткені, қымбат нанды табиғи қоспалардан жасайды, консерванттар мен ароматизаторларды қоспайды. Қымбат нанның құрамы құнарлы. Жалпы, нанды үйде дайындағаннан артығы жоқ", – дейді диетолог Қымбат Жанғазықызы.

     Алайда әлем бойынша нанды қадір тұтпайтын халық кемде-кем. Қазақ жеті шелпек, бауырсақ тәрізді ұлттық мәзірдің өзегін ұннан жасайды. Орыс халқы үшін қадірлі кулич, құймақ тәрізді тамақтар да ұннан жасалады. Америкалық бургердің де құрамы ұннан тұрады. 

     Нутрицолог Дана Ержанқызының пікірінше, нан тек аз тұтынған жағдайда ғана пайдалы. Нан таңдағанда ең бастысы ұнның түріне назар аудару керек. 

     "Ең пайдалы нан дәнді дақылдан жасалғаны. Мұндай нанның құрамында диеталық талшық және ағзаға пайдалы кейбір дәрумендер болуы мүмкін. Сондықтан, егер оның құрамына ірі ұн, тұз, су, мысалы, өңделмеген зығыр немесе чиа дәндері кірсе, онда мұндай нан пайдалы қасиеттерге ие деуге болады. Ол астықтағы барлық құндылықтарды сақтайды. Бұл нанда витаминдер, аминқышқылдары, көмірсулардың әртүрлі түрлері бар. Ал нанның басқа түрлерінде көбіне қант пен иістендіргіш қоспалар болады, олар денсаулыққа зиян. Көбіне ақ нанда қоспа, крахмал көп. Жүрек, қан-тамыр жүйесінде ақауы бар, артық салмаққа ие адамдар рационынан ақ нанды алып тастап, дәнді дақылдан жасалған нанға көшкені жөн", – деп түсіндірді нутрицолог Дана Ержанқызы.

     https://informburo.kz/kaz