фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@ekaterina-bolovtsova/
Маңғыстау облысының тұрғындарына дала тасбақасын үйінде ұстағаны үшін айыппұл салынбақ.
Маңғыстау облысы бойынша өңірлік экологиялық кеңестің мәліметінше, дала тасбақасын жабайы табиғаттан алуға, сондай-ақ үй жануары ретінде ұстауға немесе сатуға тыйым салынады.
Экологиялық кеңес өңір тұрғындарына дала тасбақасын үйде ұстағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
“Тасбақаларды табиғаттан алуға болмайды. Егер онымен кездесуден естелік ретінде бірдеңе қалдырғыңыз келсе, суретке түсіп, жібере салыңыз. Бұл үй жануары емес, жабайы жануар”, – дейді экологтар.
Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңестің мәліметінше, дала тасбақасын үйде ұстағаны үшін тұрғындарға 10-нан 140 АЕК (36 920 – 516 880 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через