Көңіл күйді жақсартатын өнім белгілі болды

Көңіл күйді жақсартатын өнім белгілі болды
фото: https://www.pexels.com/ru-ru/

     Ол асқазан жұмысын реттеуге көмектеседі

     Банан – экзотикалық жеміс. Оны ұнатпайтын жан жоқ болар. Ол дәмді әрі тойымды. Оған қоса, банан  антиоксиданттарға бай. Алайда кейбір адамдарға оны көп жеуге болмайды. 

     Бананның адам ағзасына пайдасы мол. Ол ағзаны қоректік заттармен байытады. Бананның құрамында С және В6 дәрумендері, калий, магний және жасұнық бар. Мысалы, калий жүрек және жүйке жүйесі саулығы үшін қажет.

     Сондай-ақ бананның құрамында ағзаға қуат беретін көмірсулар бар. Сонымен қатар, серотонин деңгейін арттыратын триптофан аминқышқылы бар. Сондықтан ол көңіл күйді жақсартуға көмектеседі.

     Ол асқазан жұмысын жақсартады. Банандағы жасұнық асқорытуды реттеуге және ішқатудың алдын алуға көмектеседі.

Бананды кімдерге жеуге болмайды?

     Банан денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндірмейді. Алайда мына жағдайларда оны қанша мөлшерде жеуге болатынын дәрігермен кеңесу қажет:

Бүйрек ауруы

     Бұл жағдайда қауіп қандағы калийдің жоғары деңгейімен байланысты. Бананда калий бар. Ал бүйрек ауруына шалдыққан адамдарда осы минерал өте көп немесе өте аз болады. Қанында калий көп адамдарға бананды абайлап жеу керек.

Аллергия

     Кей адамдарға банан аллергия береді. Сондықтан банан жегеннен кейін қышу, бөртпе, ісіну, қиын тыныс алу секілді белгілер байқасаңыз, жедел жәрдем көмегіне жүгініңіз.

Тітіркенген ішек синдромы

     Піскен бананда олигофруктандар - тітіркенген ішек синдромы бар адамдар көтере алмауы мүмкін көмірсу түрі бар. Тітіркенген ішек синдромы кезінде іш ауырады және іш кебеді.

Қант диабеті

     Бананда басқа жемістерге қарағанда қант көбірек болғандықтан, глюкоза деңгейін бақылайтын дәрігерден бананды жеуге қатысты нақтылап сұрап алған жөн. Диабеті бар адамдарға бананды мөлшермен жеу қауіпсіз болу керек, бірақ толықтай піскен бананды көп жемеуге тырысқан жөн.

  https://almaty.tv/kz