фото: https://www.oreanda-news.com/
Иран президенті Эбрахим Раисидің тікұшағы әуе апаты кезінде толығымен өртеніп кетті, барлық жолаушы қаза болды, деп хабарлады Рейтер атын атамаған шенеунікке сілтеме жасап.
"Иран президенті Раисидің тікұшағы апат кезінде толығымен өртеніп кетті. Ұшақта болғандардың барлығы көз жұмды деп болжануда", - деді шенеунік.
Бұған дейін Press TV телеарнасы Иран президенті Эбрахим Раисидің құлаған тікұшағының орны анықталып, оған іздеу-құтқару топтары жіберіліп жатқанын хабарлаған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через