Грузияда туристер үшін елге кіру тәртібі өзгереді

Грузияда туристер үшін елге кіру тәртібі өзгереді
фото: © AFP 2024 / Vano Shlamov

Биыл 1 маусымнан бастап туристер үшін Грузияға кіру тәртібі өзгереді. Жаздың бірінші күнінен бастап Грузияға баратын туристер медициналық сақтандыруды рәсімдеуге міндеттелмек. Оны сол елде болатын толық уақытқа алу қажет.

Қазіргі кезде 10 күндік полистің бағасы шамамен 7-14 мың теңгені құрайды.

Ал Грузияға медициналық сақтандырусыз кіргені үшін 300 лари (48 858 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Оны уақытында төлемеген жағдайда екі есеге артық шығын шығаруға тура келеді. Ал бір айдың ішінде айыппұл 900 лари, яғни, шамамен 146 500 теңгеге дейін өседі.

Медициналық сақтандыру полисін алдын ала жасап алған дұрыс.

ҚазАқпарат