Енді елімізде көзі тірі жандарға ескерткіш қойылмайды

Енді елімізде көзі тірі жандарға ескерткіш қойылмайды
фото: https://www.istockphoto.com/

Мәдениет және ақпарат министрлігі монумент орнату қағидаларына өзгерістер енгізетін бұйрықты жариялады. 

"Ашық құқықтық ережелерде" жарияланған жобаға сәйкес, көрнекті тұлғалардың ескерткіштерін жеке аумақта орнатуға болмайды.

Енді ескерткіштердің сыртқы түрі шығармашылық байқаулар қорытындысы бойынша анықталады, оның қорытындысын арнайы комиссиялар бекітеді. 

 

"Монументтік өнер құрылыстары Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен тарихи тұлғалар тізімінде көрнекті тұлғаның болуын ескере отырып орнатылады. Құрылыс мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға қосқан, қаһармандық пен ерлік көрсеткен ерекше жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) тарихи оқиғалар болған күннен бастап бес жылдан ерте қаралмайды", – делінген бұйрық жобасында.

Bugin.kz