Елімізде жаңа технологиялары бар фермерлік жылыжайларға субсидиялар беріледі

Елімізде жаңа технологиялары бар фермерлік жылыжайларға субсидиялар беріледі
фото: https://www.istockphoto.com/

       Вице-премьер Серік Жұманғарин Түркістан облысының кәсіпкерлері көтерген мәселелерді шешу жолдарын талқылау үшін мемлекеттік органдармен кеңес өткізді.

       Фермерлер айтқан негізгі мәселелер:

       Аса басымдыққа ие дақылдарды (мақсары, мақта, жылыжай) субсидиялауға қосымша қаражат бөлу;

       Мақтаға арналған минералды тыңайтқыштардың нормативтерін қайта қарау, олар үшін норма гектарына 80 кг, ал іс жүзінде енгізу нормасы гектарына 200 кг-ны құрайды.

       Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отыны шығынының нормативін қайта қарастыру.

       Енді бұл мәселелерді ауыл шаруашылығы және қаржы министрлігі бірлесіп шешеді.

       Айналмалы және фронтальды әрекет ететін бүрку машиналарын өндіруші "BNK Group Kazakhstan" басшысы вице-премьермен кездесуде отандық кәсіпорынға салық жүктемесін азайту туралы мәселені көтерді. Ал "Қайып ата" компаниялар тобының жетекшісі Сырым Ертаев – аустралиялық әдіс бойынша 50 мың бас малды бордақылау алаңын салу үшін қымбат импорттық жабдықты әкелу кезінде кедендік баждар мен ҚҚС төлеуден босату мүмкіндігі туралы айтты.

       Мемлекетке қажетті осындай ірі жобаларды қолдау үшін үкімет арнайы тетіктерді қолданысқа енгізген. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қысқа мерзімде "BNK Group Kazakhstan" компаниясымен өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді пысықтайды, бұл кәсіпорынды жиынтықтауыштарды әкелу кезінде және дайын өнімді өткізу кезінде ҚҚС төлеуден босатуға мүмкіндік береді.

       Ал сыртқы істер министрлігі инвестициялар комитеті "Қайып ата" тобымен және өңірлердің басқа да кәсіпорындарымен жабдықтарды әкелу кезінде инвесторларды кедендік баждар мен ҚҚС төлеуден босату үшін инвестициялық келісімшарттар жасасады.

       https://sputnik.kz/