фото: pixabay.com
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұлттық саябақтарға 2,4 миллионнан астам адам келді. Бүгінде еліміз бойынша 16 визит-орталық жұмыс істейді, оның ішінде 7 визит-орталық ұлттық парктер аумағында орналасқан.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, былтыр Алтын-Емел, Шарын және Іле-Алатауы ұлттық парктері жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық 3 жаңа визит-орталықпен толықтырылған.
Туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан бері министрлік жаңа бастамаларды пысықтап жатыр. Соның бірі – фермерлерге өз жерлерінде агротуризммен айналысуға рұқсат беру. Бұл арқылы 10 мыңнан астам ауыл тұрғынын қосымша жұмыспен қамтуға болады.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через