фото: inform.kz
Биыл 3,8 млн оқушы кезекті оқу жылын аяқтайды. Жыл қорытындысы туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында баяндады.
Оның айтуынша, бастауыш сыныпты 374 мың, негізгі мектепті – 341 мың бала тәмамдайды және 186 мың түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшады.
7 704 жас түлек «Алтын белгіге» үміткер.
«Мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара 25 мамырда өтеді. Аттестаттарды табыстау рәсімі 12-15 маусым аралығына белгіленді. 9 және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр-11 маусым күндері өтеді», - деді Ғ. Бейсембаев.
Сондай-ақ, биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілін меңгеруді бағалау мақсатында қазақ тілінде және басқа тілде оқытатын мектептердің білім алушылары үшін аралық емтихандар өткізіледі.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через