фото: EPA-EFE/IGOR KOVALENKO\novayagazeta.bypassnews.ru
Бүгін - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәлімдеуінше, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл әдеттегідей жұмыс күні. Ол жұмыс орнында қызметін атқарады.
Атаулы датаға орай ешқандай іс-шара жоспарланбаған. Мемлекет басшысы бұған дейінгі жылдары да осындай ұстанымда болған.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды. Тағы бір айта кетерлігі, биыл Президент елдің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты бюджетті үнемдеу үшін елдегі имидждік және басқа да ірі іс-шаралардан бас тарту туралы тапсырма берген болатын.
Дереккөз 24.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через