фото: https://www.pexels.com
Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында 20 мыңнан астам қазақстандық Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады.
Олар Қарулы Күштер мен Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдеріне қабылданады. Әскерге барған жастар үшін жоғары оқу орнында тегін білім алуға мүмкіндік бар.
Еліміздің барлық өңірлерінде 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Жоспарға сәйкес көктемгі науқан аясында 20 000 бозбала әскери бөлімдерге жөнелтіледі. Қазіргі таңда ел бойынша 195 аумақтық комиссия әскери қызметке шақыруды жүзеге асырып жатыр.
Сарбаздарға әскери қызметін өткеру кезеңінде кредиттік демалыс беріледі. Шақыру науқаны барысында жиналған банктік қарыздар мен микрокредиттер туралы мәліметтер бірден Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберіледі. Осы деректердің негізінде кредиторлар негізгі борыш, сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдырады.
Әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында әскери қызмет өткергендерге жоғары оқу орындарына түсуге жеңілдіктер беріледі. Ол үшін 45 жетекші жоғары оқу орнының ректорларымен меморандумға қол қойылды.
Әскери бөлімдерге жөнелтілген сарбаздардың алды бүгінде әскери ант қабылдап, Отан қорғаушылардың қатарына қосылды.
Көктемгі әскерге шақыру науқаны маусым айына дейін жалғасады. Айта кетелік, әскерге шақырылғандардың тізімінде запастағы офицерлер де бар. Олар жетіспейтен мамандар қатарын толықтыратын болады. Авторы: Қуандық Танабас.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через