Ақылы жолдарда кім тегін жүре алады

Ақылы жолдарда кім тегін жүре алады
фото: https://www.pexels.com

Автомобиль жолдары туралы заңның 5-2- бабына сәйкес кей санаттар ақылы автомобиль жолын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылады. 

Қызметтік міндеттерін орындаған кезде:

  • жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
  • авариялық-құтқару қызметтерінің;
  • құқық қорғау органдарының;
  • көліктік бақылау органдарының;
  • арнаулы мемлекеттік органдардың;
  • Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың;
  • жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау және оларға техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын ұлттық оператордың;
  • Қазақстан заңнамасына сәйкес айқындалған, тиісті ақылы автомобиль жолында (учаскесінде) күтіп-ұстауды және техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын концессионердің арнаулы автокөлік құралдары.

Қала маңындағы қатынаста және ақылы автомобиль жолына іргелес елді мекендерде:

— кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдайтын автобустар;

— ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

— жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;

— ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

Сондай-ақ Екінші дүниежүзі соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері босатылады.

Көрсетілген көліктердің мемлекеттік нөмірі жоғарыда көрсетілген санаттарға сәйкес мамандандырылған топтарға енгізіледі. 

Ақылы жолдағы жол қозғалысы аркалардағы камераларға жазылып, жүйеде жол ақысы алынбайды.

Бұл жеңілдікті алу үшін жоғарыда аталған санат өкілдері ҚазАвтоЖолға көлік  мемлекеттік нөмірлерін, сондай-ақ автобустардың маршрут парақтарын қосып, ресми өтінім жіберу керек.

Қазақстанда жалпы ұзындығы 3221 шақырым болатын 17 ақылы учаске бар.

Оның 11 учаскесі І техникалық санатта (2161 шақырым), ал 6 учаске (1060 шақырым) ІІ және ІІІ техникалық санатқа жатады.

https://kaz.inform.kz/