фото: © Photo : Қазақстан ТЖК баспасөз қызметі
Ақмола облысында тағы да тұз қышқылы төгіліп, авариялық цистерна қауіпсіз қашықтыққа сүйреп әкетілді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Теміржолдағы авария жайлы 25 мамырда белгілі болды – Аршалы ауданының Сарыоба станциясында диаметрі бір жарым сантиметр болатын жарықтың салдарынан цистерналардың бірінен тұз қышқылы төгілген.
Қауіпті жүк тиелген цистерна негізгі құрамнан ажыратылды. Ақмола облысының құтқарушылары қышқыл ағып жатқан тесікті бітеді.
"27 мамырда жүк тасымалдаушылар цистернадағы сұйықтықты айдап жатқан кезде тұз қышқылы қайта аға бастады", - деп толықтырды ТЖМ.
Оны Астана қаласы ТЖД қызметкерлері тоқтатты. Қазіргі уақытта цистерна ауылдан және жақын маңдағы шаруа қожалығынан қауіпсіз қашықтыққа сүйреп әкетілді.
СЭС, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында газсыздандыру жұмыстарын жүргізеді.
"Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жағдай жедел штабтың бақылауында", - деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ақылжанов.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через