Анемияның белгілері қандай?

Анемияның белгілері қандай?
фото: https://www.istockphoto.com/

     Қан аздық (анемия) – балалардың бойының өсуіне, буындардың қатаюына, тістің дұрыс шығуына кері әсерін тигізеді. Адам анемияны уақытылы емдесеме онкологиялық ауруға шалдығады.

Анемияның негізгі белгілері – әлсіздік, тез шаршау, терінің бозаруы, тырнақ сынғыштық, бастың жиі ауруы, шаштың көп түсуі. Егер ағзада қан аз болса, есте сақтау қабілеті де нашарлайды, тамаққа тәбеті тартпайды. Кей жағдайларда қан аздық баланың психикасына да әсер етеді. Ал жүкті әйелдер жүктілік кезінде анемияға шалдығатын болса, іштегі нәресте де қан аздықпен туылады. Елімізде қан аздық әр үшінші балада кездеседі екен.

Мамандар, жүктілік кезінде таксикоз болу – қан аздығынан екенін айтты.

"Тамақты қорытуға энергиясы жетпеген ағза әдейі құсқызады. Ағзаның оны қорытуға шамасы жоқ. Баланы өсіруі керек. Қатты құсып, таксикоз болудың белгісі – қан аздығы",- дейді маман.

Арнайы тексеру нәтижесінде гемоглобин жоғары болып, бірақ денеде анемияның белгілері байқалуы мүмкін. Бұл жасырын анемия деп аталады. Демек гемоглабиндердің сапасыз екенін көрсетеді.

https://www.bugin.kz/