Алматыда қоқыстан жасалған үздік арт-нысандардың байқауы жарияланды

Алматыда қоқыстан жасалған үздік арт-нысандардың байқауы жарияланды
фото: https://pixabay.com/ru/

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында "қоқыстан жасалған үздік арт-нысан" байқауын жариялады.

Байқауға кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Суретшілер, мүсінші, сәулетшілер мен өнер сүйер қауым белсенділік танытты. Өтінімдер биылғы жылдың 12-30 сәуірі аралығында қабылданды. Барлығы 30-дан астам өтінім келіп түсті. Оның 15-і конкурстың барлық шартына сәйкес келіп, мақұлданды. "Қоқыстан жасалған үздік арт-нысан" байқауының қорытындысы 8 мамыр сағат 14.00-де "Мусорги" флешмобы аяқталғаннан кейін шығарылады.

Жүлде қоры:

1 орын - 1 млн. теңге

2 орын - 500 мың теңге

3 орын - 300 мың теңге

Байқаудың негізгі мақсаты — тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау әрі ластану проблемаларына назар аудару, тұрғындарды тәртіпті, тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ынталандыру.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.
ҚазАқпарат