фото: pixabay.com
Алматыда Отан қорғаушылар күні бірқатар іс-шара өтеді. Мерекелік бағдарлама қаланың барлық ауданы мен ашық алаңдарда ұйымдастырылады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы әкімдігі ұсынған мәліметке сәйкес, Отан қорғаушылар күні қарсаңында мегаполистің барлық мектебінде «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, оқырмандар мен эссе байқаулары өтеді.
Мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында ұйымдастырылады:
- Әуезов ауданында 3 мамыр күні сағат 10:00-де Б.Момышұлы атындағы Алматыдағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектептің базасында «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» мерекелік іс-шарасы өтіп, театрландырылған қойылым көрсетіледі.
- Түрксіб ауданында 6 мамыр күні сағат 15:00-де ҚР Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында көркемөнер ұжымдары мен әскери бөлімдердің қатысуымен концерт өтеді.
- Наурызбай ауданында 6 мамыр күні Ақжар шағын ауданында Дәулеткерей көшесі 178, 2027 әскери бөлімінің аумағында сағат 10:00-де әскери қызметшілерді марапаттау және сарбаздардың ант қабылдау рәсімі болады.
- Бостандық ауданында 7 мамыр күні сағат 09:00-де Попов 1а мекенжайында «Ел ертені-бүгінгі жастары» атты салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шара барысында әскери қызметшілерді марапатталып, қонақтар үшін саптық марш ұйымдастырылады.
- Алмалы ауданында 6 мамырда сағат 11:00-де №120 гимназияда «Жас сарбаз» (9-11 сыныптар арасында) әскери-спорттық ойындарының жарысы өтеді. 6 мамырда сағат 13:00-де №55 ЖББМ-де (7-9 сыныптар арасында) Сап және ән байқауы болады.
- Жетісу ауданында 7 мамыр күні сағат 11:00-де Райымбек даңғылы, 235 (Орталық зират) мекенжайындағы «Белгісіз сарбаздың қабірі» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.
- Алатау ауданында 7 мамыр күні сағат 11:00-де аудан әкімдігі ғимаратының алдында «Ер есімі – Ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.
Айта кетейік, Алматы қаласында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 40-тан астам ардагер қалды. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай 2 млн теңгеден беріледі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через