фото: https://pixabay.com/ru/
Алматы хайуанаттар бағына наурыз айының соңында Прагадан әкелінген аю 4 мамырда кенеттен өліп қалды.
"Томның өлгені туралы Прага хайуанаттар бағына 18 күннен кейін хабарланды", - дейді мекеменің директоры Мирослав Бобек.
Прага хайуанаттар бағына жолданған хабарламада өлімге маңдай және мұрын қуыстарының созылмалы ыдырайтын қабынуы салдарынан ағзаның улануы себеп болғаны айтылған.
Бобек жыртқыш Қазақстанға жөнелтілген кезде сап-сау болғанын мәлімдеді, ал Алматы хайуанаттар бағы керісінше айтып отыр.
Директор мұқият тергеу жүргізуді талап етті, сонымен қатар ол Еуропа хайуанаттар бағы мен аквариумдар қауымдастығына және Чехияның Қазақстандағы елшілігіне хабарласпақшы.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через