фото: pexels.com
Телефон алаяқтары жаңа әдіспен айласын асырып, аңқау тұрғындарға сан соқтырып жатыр. Тәртіп сақшыларының хабарлуынша енді олар байланыс операторы ретінде телефон шалып, хабарласа бастаған.
Мұндай алаяқтар телефонмен хабарласқанда жақында SIM-картаның мерзімі бітетінін айтып, оны онлайн ұзарту үшін SMS-пен келген кодты сұрайды екен. Кодты білген соң, SIM картаның көшірмесін жасап, телефон нөмірі арқылы түрлі қаржылық операция жасайды. Сенгіш адамдардың картасындағы бар ақшасын жымқырып кетеді.
Фото pexels.com.
Тәртіп сақшыларының айтуынша қазір оншақты адам осылай алданып қалғандарын айтып, құзырлы орындарға арызданып көмек сұраған.
Айта кетсек, өткен жылы қаскөйлер Қазақстан азаматтарына 100 миллиард теңгеге залал келтірген.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через