фото: https://pixabay.com/ru/
Әйеліне ұрып, қорлық көрсеткен БАӘ-дегі Қазақстан елшісі кеңесшісінің ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды.
Айбек Смадияров Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі кеңесшісінің әйелінің мәлімдемесіне түсінікт
"Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл түрде қайтарып аламыз. Бұдан әрі оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады", - деді Смадияров.
Айта кетері "Не молчи" қоғамдық қоры елші кеңесшісінің әйелі Мамаш Каринаның жазған хатын жариялады. Хатта әйел дипломат күйеуі Мамаш Сәкеннің өзін 10 жылдан бері ұрып-соғатынын жазған. Дәлел ретінде әйел бетінде соққы іздері бар суреттерін жіберген.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через