фото: https://www.istockphoto.com/
Медициналық сақтандыру қоры 18 жасқа толған мектеп түлектеріне жарнаны өздігімен төлеу керектігін ескертті.
Медициналық сақтандыру заңнамасына сәйкес, мектеп бітіргенге дейін немесе соның алдында 18 жасқа толған жастар автоматты түрде медициналық сақтандыру жүйесінен шығарылады. Олар үшін бюджеттен аударылатын жарналар тоқтатылады. Ал 18 жасқа толмаған балалар үшін жарналар аударыла береді.
Медициналық сақтандыру жүйесінен шығарылатын адам медициналық көмекке жүгіне алмайды, қордың есебінен тексерістен өтуге мүмкіндік болмайды. Маманның кеңесін де тегін ала алмады. Барлығына ақша төлеуге тура келеді. Дегенмен жедел жәрдем қызметіне жүгінуге рұқсат бар.
18 жасқа толған мектеп түлектері жарнаны өздігімен аударуы керек. Сонда емханада барлық медициналық қызметті тегін алуға мүмкіндік болады.
"Мәселен, баланың туған күні мамырда болса, маусымнан бастап жарнаны аудара беру керек. Ал қаңтар айында 18-ге толған балалардың өтіп кеткен айлары үшін қарызын жабу қажет. Сонда үш күннің ішінде сақтандыру мәртебесі қалпына келеді. Осыдан кейін жарналарды төлей беру керек", - дейді мамандар.
Төлемді банк қосымшалары немесе Қазпошта бөлімшесінде жасауға болады. Медициналық сақтандыру жарнасын өздігімен төлейтін адамдар ең төменгі жалақының (2024 жылда - 85 000 теңге) 5 процентін, яғни, 4 250 теңге аударады. Оқуға түскен түлек үшін медициналық сақтандыру қайтадан бюджеттен төлене бастайды.
https://sputnik.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через