фото: fishki.net
Toyota компаниясының негізін қалаушы Сакичи Тойода үнемі "бес неге" ережесін қолданған. Барлық түсініксіз жағдайларда ол бұл әдіске жүгінген және бұл тәсілі әрқашан көмектескен.
Бұл қандай ереже?
Мысалы, сіз тон алғыңыз келеді. Алдымен өзіңізге: Мен неге тон алғым келеді? деп сұрақ қойыңыз. Бұл бірінші "неге". Сіз жауап бересіз: өйткені мен бәрін таң қалдырғым келеді. Жарайды, екінші "неге": неге бәрін таң қалдырғың келеді? Жауап: өйткені, жұрттың назарын өзіме аударғым келеді. Үшінші "неге": неге сізге назар аудару керек? Жауап: өйткені мен өзімді сенімсіз сезінемін. Төртінші "неге": неге өзіңізді сенімсіз сезінесіз? Жауап: өйткені ойға алған істерімді жүзеге асыра алмаймын, мен бір жерде қзақ отырып қалдым. Бесінші "неге": неге өз ойыңды жүзеге асыра алмайсың? Жауап: өйткені мен өзіме ұнамайтын нәрселермен айналысамын. Енді айтыңызшы, бұл жерде тонның қатысы қанша?
Сакичи Тойода бесінші "неге" жауабында бір қарағанда көзге көрінбейтін негізгі себептің жасырынып жатқанын атап өтті. Бесінші "себебі" іштегі жасырын сырды жарыққа шығарады. Аңғарсаңыз, бесінші "себебі" - бұл сіздің өзіңізге тікелей қатысты. Бесінші себеп сіздің нені жасыратыңызды, өзге түгілі өзіңізге мойындаудан қорқатыныңызды, нені қалайтыныңызды меңзейді.
Сакичи Тойода қажетсіз заттан бас тартудың осы әдісінің арқасында көп нәрсеге қол жеткізді. Біз кейде өз ойларымызға немқұрайлы қараймыз және шынайы қалауымыз бен мотивтерімізге мән бермейміз.
Фото Энди Рейн / Bloomberg Getty Images
Ұсынылған осы әдіс жағдайды объективті бағалауға мүмкіндік береді. Бесінші сұрақта барлық сұрақтың негізгі себебі жасырылуы керек. Сакити Тайода – қажетсіз дүниеден бас тартып, күш-қуатын өзін және жеке бизнесін дамытуға бағыттаған ең ақылды адам.
Бес "неге" ережесін кез-келген мәселеде қолдануға болады. Сіз осындай техника туралы естідіңіз бе? Егер естімесеңіз сізге жеке пайымым арқылы қалай да көмектесуге дайынмын. Бұл әдіс тиімді әрі қарапайым. Мен өзін-өзі дамыту жолдарын жиі сипаттаймын, өйткені үнемі өзімді тануға, жетілдіруге ұмтыламын, дейді Сакичи Тойода.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через