2024 жылы еліміздегі облыстар арасын жалғап жатқан бірнеше ірі тас жолды жөндеу аяқталады.
Атап айтқанда Қарағанды-Балқаш, Қызылорда-Жезқазған, Ақтөбе-Атырау-Астрахань арасындағы күре жолдар қолданысқа берілмек. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі Амангелді Беков айтты. Сонымен қатар биыл 4 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал нормативтік көрсеткіш 3 өңірде ақсап тұр. Олар БҚО, Ақтөбе және Атырау өңірлері.
Амангелді Беков, ҚР ИИДМ комитет басшысының орынбасары:
-Биыл құрылыс-монтаждау жұмыстары жалпы пайдаланымдағы 11 мың шақырымнан астам автожолда жүргізіледі. Республикалық желі бойынша 3,6 мың шақырымда құрылыс және реконструкция жұмыстары жалғасады, соның 856 шақырымын аяқтаймыз. Күрделі және орташа жөндеумен 3,4 мың шақырым жол қамтылады.
Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/593272-2024-zhyly-elimizdegi-iri-zholdardy-zh-ndeu-aya-talady
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через