фото: https://pixabay.com/ru/
Counterpoint Research (CR) сарапшылары 2023 жылы ең көп сатылған смартфондарды атады.
Компанияның ақпаратынша, нарықта ең көп сатылған американдық Apple өнімдері. Ең танымал гаджет iPhone 14 болған. Бұл 2022 жылы жарыққа шыққан бағасы қолайлы құрылғы. Ең көп сатылғандардың үштігіне iPhone 14 Pro Max және iPhone 14 Pro да кірді.
Apple құрылғылары рейтингтегі алғашқы жеті орынды да иеленді. iPhone 13, iPhone 15 3Pro Max, iPhone 15 Pro және iPhone 15 телефонары алғашқы жетілікке енген.
Сегізінші және одан кейінгі орындарда Samsung құрылғылары. Олар - Galaxy A14 5G, Galaxy A04e және Galaxy A14 4G. Counterpoint Research сарапшылары 2021 жылдан бастап смартфондар сатылымы бойынша тек Apple және Samsung құрылғылары алғашқы ондыққа кіретінін айтты.
Бұған дейін Canalys сарапшылары америкалық Apple компаниясы 2023 жылды еуропалық смартфондар нарығындағы жетекші орында аяқтағанын айтқан. Екінші және үшінші орындарды Samsung пен Xiaomi иеленген.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через