Жыл басында «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет 2023 жылғы айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі жалақы мөлшерітуралы» Заң өз жұмысын бастайды.
Бұл құжатта бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 1,5 жасқа дейін ұлғайту, базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен көтеру, ортақ зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде табыстың ең жоғары шектелуін 46-дан 55 АЕК-ге дейін арттыру, сақтандырылған адамдар үшін жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшерін орташа айлық табыстың 45%-на дейін өсіру бойынша түзетулер қамтылған.
Осылайша, 2023 жылға ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) – 70 мың теңге; айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге болып бекітілді.
Сонымен бірге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 21 907 теңге, ал зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 теңге болып жазылған.
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс көлемі 40 567 теңге мөлшерінде айқындалған.
Kazinform
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через