2022 жылы қанша адам зейнетақы жинағын пайдалана алады

2022  жылы  қанша  адам  зейнетақы  жинағын  пайдалана  алады

2022  жылы  қанша  адам  зейнетақы  жинағын  пайдалана  алады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі екі түрлі болып шықты.

Келесі жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшерін арттыру жоспарланып отыр. Бірақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен еңбек министрлігінің келесі жылы біржолғы төлемді пайдалана алатын адамдарға қатысты мәліметі бір-біріне сәйкес келмейді.

Бұған дейін БЖЗҚ жеткілікті шек көтерілсе де, 2022 жылы 582 мың қазақстандықтың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалана алатынын хабарлаған.

Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржановтың сөзіне қарағанда, ондай адамдардың саны 200 мыңға да жетпейді.

"Осы уақытқа дейін 770 мың адамның ішінен 400 мың адам өз мүмкіндігін пайдаланып, баспана мәселесін шешіп алды. Демек осы санатқа кіретін адамдардың жартысынан көбі зейнетақы жинағын пайдаланды. Енді жеткілікті шек көтерілсе де, 180 мыңнан астам адамда біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануға мүмкіндік болады", - деді Біржанов журналистерге берген сұхбатында.

Оның ойынша, тұрғын үйге зәру адамдар зейнетақы төлемінің есебінен баспаналы болды.

"770 мыңның бәрі зәру болғанда осы мүмкіндікті пайдаланатын еді. Бірақ бір жылдың ішінде 400 мыңнан астамы ғана өтініш берген. Олар өз мәселесін шешіп алды. Қазір тағы өтініш жіберіп жатқандар бар. Бірақ олардың бәрі біржолғы төлемді тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсамайтын сияқты", - деп атап өтті вице-министр.

Айта кетері, 3 желтоқсанда БЖЗҚ 2022 жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері күрт көтерілетінін мәлімдеді. Келесі жылы зейнетақы төлемін алу үшін 21 жастағы азаматтың есепшотындағы қаржы 3,2 миллион теңгеден асуға тиіс. Сол сияқты 22 жаста – 3,3 миллион теңге, 30 жаста – 4,4 миллион теңге, 40 жаста – 5,8 миллион теңге, ал 50 жаста – 7,4 миллион теңгеден артық жинау қажет.

 

Мәтіндегі ақпарат туралы