2022 жылы 90 мыңға жуық студентке жатақхана жетіспеуі мүмкін

2022 жылы 90 мыңға жуық студентке жатақхана жетіспеуі мүмкін

       Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қажеттілік үлесі жоғары.

       Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық ЖОО ректорларымен кездесу барысында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударды. Оның болжамынша, жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттер саны 90 мыңға жуықтауы мүмкін. Қазіргі таңда:

  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 15 122 орын;
  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 4 500 орын;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  4 000 орынға;
  • Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 3 000 орынға;
  • Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде 5 000 орынға деген қажеттілік бар.

       Жатақхана жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі жергілікті атқарушы органдардан ЖОО білім алушылары үшін қонақ үйлер мен хостелдерде тұру бағаларын реттеуді сұрамақ. Министрлік сонымен бірге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, "Қазақстан темір жолы" АА-мен бірлесіп, темір жол және авиакөлікпен жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша рейстерді қосу және билеттердің бағасын реттеу жөніндегі мәселені пысықтау туралы ұсыныс енгізеді.