фото: https://bugin.kz
2022 жылдың ең қымбат көлігі
2022 жылдың ең қымбат көлігі: Үндістан азаматы қоқыс тасыған көлік туралы не белгілі?
«Rolls-Royce Limited» компаниясы 1904 жылдың мамырында құрылды. Білікті инженер Генри Ройс сол кездегі алғашқы автосалондардың иесі Чарльз Роллспен мәмілеге келеді. Міне, содан бастап машина жасау тарихында жаңа аңыз пайда болды. Аз ғана уақыт ішінде екі, үш, төрт және алты цилиндрлі қозғалтқышы бар көліктер инженерлік шеберлікпен әлемді таң қалдырды. 1907 жылы шығарылған аты аңызға айналған Silver Ghost бір 14 371 мильді еш жөндеусіз жүріп өтіп, «Әлемдегі ең үздік автокөлік» атанды.
- 1930 жылдары үнді махараджасы Бхупиндер Сингх Лондон көшелерін серуендеп жүріп, Роллс-Ройс көлігі сатылатын көрме залын көзі шалады. Қызығып, көргісі келген Бхупиндерді үстіндегі киіміне қарап жарлы деп ойлаған сатушы кіргізбей қойса керек. Екінші күні Бхупиндер барынша сәнді киініп көрме залына барса құшақ жая қарсы алады. Бұл олқылықтан құлағдар болған дүкен басшылығы әлгі кеңесшіні жұмыстан шығарады. Бірақ үнді махараджаса тоқтасын ба, Rolls-Royce Phantom-ның алты данасын алады да, Үндістанға тайып тұрады. Өз еліне барып, көмекшілеріне әмір беріп тек бай адамдар айдайтын көліктермен қоқыс тазалайды. Мұндай хабар жерде жата ма, әп сәтте әлемнің әр жеріндегі басылым беттерінде осы жағдай туралы жаза бастайды. Роллс-Ройстың сауда айналымына айтарлықтай әсер еткен болуы керек, компания басшылығы арнайы кешірім сұрап, Бхупиндер Сингхқа дәл сол модельдің алты бірдей данасын сыйлайды. Екі жақ мәмілеге келеді.
- Осы күнге дейін жарыққа шыққан бұл көліктің 65%-ы әлі күнге автосалоннан шыққан күйіндей жап-жаңа. Неге десеңіз, біріншіден машинаның сапалы жасалуы және Роллс-Ройс иелері мұндай өнер туындысын жаңа күйінде сақтағанды жөн санайды. Тек айтулы күндерде ғана тізгіндейді.
- Барлық Роллс-Ройс атаулының кузовында сызықтар яки сурет бар. Қарапайым ғана сызықты бейнелеуге үш сағатқа жуық уақыт кетеді екен. Оның да өз себебі бар, бәрін Макс Корт есімді тұлға өз қолымен салып шығады. Кейде тұтынушының тапсырысына байланысты суреттер өзгеруі мүмкін, бірақ суретші әлі өзгерген емес.
- Қатардағы көлікті құрастыруға 48 сағат жұмсалатын болса, әр Роллс-Ройсты дайындауға екі айға жуық уақыт кетеді. Машинаның бағалы болуының бір себебі де сол шығар, мамандар көп бөлігін қолдан құрастырады. Оның үстіне түрлі сынақтан өтіп барып қолданысқа беріледі.
- 1842-1997 жылдар аралығында Гонконг Ұлыбританияның қол астындағы колония болатын. Британдық шененуніктер мен қалталы азаматтардың барлығы дерлік Роллс-Ройс маркасын айдаған. Уақыт өте келе бұл дәстүрге айналып, халықтың көбі осы машинаны ала бастаған. Қазіргі таңда Гонконгта адам басына шаққанда Роллс-Ройс саны айтарлықтай көп.
Autojournalism басылымының дерегі бойынша, 2022 жылдың ең қымбат он көлігінің ішінде Роллс-Ройс көш бастап тұр. Гудвудта өндірілетін Rolls-Royce Boat Tail автокөлігінің құны – 28 млн доллар.
Ақпарат ғаламтордан алынды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через