Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктер де кедендік тазартудан өтуі қажет. Бұл – көлік құралдарын легализациялау үшін негізгі орындалуы тиіс шарттардың бірі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
Аталған комитет көпшіліктің сұрауы бойынша, 200 мың теңге тіркеу жарнасын қолдану арқылы қандай көліктерді заңдастыруға болатынын тағы да түсіндірді.
Бұл санатқа мыналар жатады:
Бірінші, әуелі жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші орнынан басқа, сегізден аспайтын жолаушы отыратын орны бар көлік құралдары.
Екінші, жүргізуші орнынан басқа сегізден астам отыратын орны бар, техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 5 тоннадан аспайтын жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары.
Үшінші, техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 тоннадан аспайтын жүктерді тасымалдауға арналған көліктер кіреді.
Ел аумағына былтырғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген және жоғарыда көрсетілген санаттарға жататын көлік құралдарды тіркегені үшін 200 000 теңге мөлшеріндегі алым алынады.
Дереккөз qazaqstan.tv. Фото uralskweek.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через