20 сәуірден бастап Атырау – Астрахань пойызы қатынайды

20 сәуірден бастап Атырау – Астрахань пойызы қатынайды
фото: https://sputnik.kz

20 сәуірден бастап Атырау – Астрахань пойызы қатынайды

Қазақстан мен Ресей теміржол әкімшіліктері арасындағы екіжақты уағдаластық негізінде 20 сәуірден бастап "Атырау-Астрахань" бағытында №625/626 халықаралық жолаушылар пойызы қатынайды.

Пойыз күнара жүреді: Атыраудан 20 сәуірден бастап жұп күндері, ал Астраханнан 21 сәуірден бастап тақ күндері аттанады.

ҚТЖ Қазақстанға кіру үшін вакцина салдырмаған жолаушылар теріс нәтижелі ПТР-анықтама көрсетуі керек екенін еске салды. Анықтама мерзімі 72 сағаттан аспауы шарт. Вакцинацияның толық курсынан немесе ревакцинациядан өткенін растайтын паспорт болса, анықтама қажет емес. Егер жолаушыда ПТР-анықтама немесе вакцина паспорты болмаса, онда ол вагонға кіргізілмейді, деп ескертті ұлттық тасымалдаушы.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" нөмірі арқылы және Bilet.railways.kz.сайтынан білуге болады.

Мәтіндегі ақпарат туралы