Астана жастары еліміздің 20 миллионыншы тұрғынының құрметіне флешмоб өткізді. Бұл туралы Standard.kz порталы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жастар 20 саны түрінде сап түзеп, Қазақстанның туын желбіретті.
Іс-шараға барлығы 200 ерікті қатысты.
Айта кетейік, 16 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жеткенін хабарлады.
Еліміздің бес өңірінде бес сәби бір уақытта дүниеге келді.
Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған 5 шақалақ Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың үшеуі – ұл, екеуі қыз балалар. Барлығы да 14 қараша күні, таңғы сағат 8.10-да туған.