фото: pkzsk.info
Жалпы мектеп оқушыларына 9 сыныпқа дейін телефон, смартфон ұстауға рұқсат бермеу керек. Өйткені телефоннан өзіне көрсететін қысымды түсіріп, бейнекөріністі көпке тарату, сол арқылы өзіне жеңіл абырой жинау, мақтану мақсатында пайдаланатындар бар. Сондықтан оқу орындарында тәртіпті, әсіресе телефонға қатысты тыйымды күшейту керек. Сенаторлар осындай мәселе көтеріп отыр.
Депутаттардың бұлай дабыл қағуы тегін емес. Себебі ресми статистика, жылына кемі 10 жасөспірім қатарластарының мазағына ұшыраған соң өмірімен қоштасып жатқанын көрсетіп отыр.
Сіз қалай ойлайсыз, 16 жасқа толмаған балаларға смартфон ұстауға тыйым салынғаны дұрыс па? Бұл сұраққа көпшіліктің берген жауабын тыңдап көрейік.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через