Елордалық полицейлер 17 жасар бозбаланы көпқабатты үйден секіргелі тұрған жерінен құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның «102» арнасына сағат 13.00-де куәгерлерден Қалдаяқов көшесіндегі үйдің 15-ші қабатында ер адам терезеден аяғын салбыратып, секіргелі отырғаны жайлы ақпарат келіп түсті.
Полиция қызметкерлері тез арада жоғары көтеріліп, есіктерді қаға бастаған. Оқиға орын алған пәтердің есігін қыз ашып, болып жатқан жағдай туралы полицейлерден естіген.
Қалыптасқан жағдайды бағдарлай отырып, тәртіп сақшылары пәтерге жүгіріп кірген және жігіттің қозғалған сәтін пайдаланып, терезені ашып, оны ішке қарай тартып кіргізген.
17 жастағы жігітті мұндай іс-әрекетке не итермелегені анықталып жатыр.
Психологтермен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыс жүргізілді және ол заңды өкілдеріне табысталды.
Фото: Liter.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через