13 ақпаннан бастап метро желісінде қосымша 10 құрам қызмет көрсетеді.
Жаңа құрам қосылған соң қозғалыс аралығы қарбалас сәтте 6 минут 12 секундке дейін қысқарады.
Былтыр екі жаңа станция қолданысқа берілді. Соның арқасында жолаушылар саны шамамен екі есеге артып, 85 мыңға жетті.
Қазір 938 адам сиятын 4 вагонды жылжымалы құрам қатынап жүр.
Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын әзірлеушілер қоғамдық көлікті дамытуды көздеп отыр.
Бас жоспарға сәйкес 2040 жылға қарай метро желісінің ұзындығы 32 шақырымға жетпек. Бүгінгі таңда қолданыстағы желі 13 шақырымды алып жатыр.
Фото tengrinews.kz, optimism.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через